A- A A+
Вопросы-ответы

Интернет-конференция на тему: «Вопросы отбора, поступления и прохождения государственной службы, а также мотивации и развития персонала». На вопросы пользователей будет отвечать заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Шаимова А.А.

Кырымкулова Асыл :Қайырлы күн, Айгүл Амантайқызы! Менiң жақын құрбым 2015 жылдың наурызында жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк қызметке орналасты. 2018 жылдың желтоқсан айында бала босануға дейiнгi демалысқа шықты. Қазiргi уақытта бала босанғаннан кейiнгi демалысқа кеттi. Бiрақ, 2018 жылғы қызметi бағаланбай қалды. Ендiгi жерде құрбым 2018ж. атқарған жұмысы бойынша бонус ала ала ма?

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Асыл Кырымкулова! Сұрағыңызға рахмет. Бонустардың мөлшерiн есептеу әдiстемесiне сәйкес бонус мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша белгiленедi. Сiздiң сауалыңызда құрбыңыздың бағалауды өткенi немесе өтпегенi туралы анық көрсетiлмеген. Егер бағалауды өтпеген жағдайда, Бағалау қағидасы бойынша "Б" корпусы қызметшiлерi еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңiнде, iссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлгенде жұмысына қайта кiрiскеннен кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде бағалаудан өтедi. Осыған орай, бонус төлеу сұрағын шешу үшiн бес жұмыс күннен кем емес уақытқа жұмысқа шығуға құқылысыз. Сол уақыттың iшiнде мемлекеттiк орган сiздiң тиiмдiлiгiңiздi бағалауға тиiс. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшiн Сiз тиiстi құжаттарды қоса отырып, Агенттiкке жүгiнуiңiзге болады.

***

Балгожин Рустем: Сәлеметсiз бе? Мемлекеттiк кәсiпорында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға кiмдер жатады?

Ответ: Құрметтi Балгожин Рустем! Қосымша сұрағыңызға рахмет! Мемлекеттiк кәсiпорындарда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар: бiрiншi басшы және функционалдық мiндеттерге қарай оның орынбасары болып табылады. Мысалы, басшының орынбасары өз бұйрығымен бағынысты адамдарды лауазымға тағайындап, жұмыстан босата алса, ол басқарушылық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ондай өкiлдiк мемлекеттiк кәсiпорынның басқа да жұмысшысына жүктелуi мүмкiн. Осыған орай, басқарушылық функциялардың болуын әр жағдайда бөлек анықтау қажет.

***

Караев Акберен: Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Сiзге сұрағым бар едi. 2018 ж. қызметi бағаланғаннан кейiн мемлекеттiк қызметшi 2019 жылдың наурызында мемлекеттiк қызметтен өз еркiмен кетедi. Осы жағдайда оған бонус төлене ма екен?

Ответ: Қайырлы күн құрметтi Караев Акберген! Сұрағыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiмен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi бағалаудың басталу күнiне дейiн жұмыстан шығарылған кезде есептi кезең үшiн бонус төленбейдi. Мемлекеттiк лауазымнан босату туралы шешiм қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиiстi актiсiмен айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босату күнi болып табылады. Сонымен бiрге, бонустар төлеу туралы шешiмдi: 1) "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi үшiн — бонустар төлеу жөнiндегi шешiмдi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi қабылдайтын жауапты хатшыларды қоспағанда, пилоттық органның бiрiншi басшысы; 2) "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерi үшiн: пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгiзiлмеген және белгiленген тәртiппен жауапты хатшының өкiлеттiгi жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса); пилоттық органның жауапты хатшысы; пилоттық орган аппаратының басшысы; мемлекеттiк қызметшiлердi лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды. Осыған орай, аталған сұрақты шешу үшiн Сiз қызмет еткен мемлекеттiк органдағы уәкiлеттi тұлғаға жүгiнуiңiз қажет. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшiн Сiз тиiстi құжаттарды қоса отырып, Агенттiкке жүгiнуiңiзге болады.

****

Адильбеков Жанат :Добрый день! Возможно ли участие в конкурсе на занятие вакантной адм должности руководителя отдела с имеющимся сертификатом ОЛК для исполнительской должности полученным в 2018 году до внесения изменений? Будет ли основанием для отказа в допуске моей кандидатуры к собеседованию ввиду того что мой сертификат для исполнительской должности (2018 года до внесения изменений) а конкурс объявлен на руководящую должность?

Ответ: Добрый день, уважаемый Адильбеков Жанат. В первую очередь, благодарю Вас за вопрос. Как следует из Вашего обращения, в прошлом году Вы прошли тестирование на оценку личных качеств. На тот период программа тестирования на оценку личных качеств кандидатов на должности корпуса "Б" состояла из двух программ: — для руководящих должностей; — для исполнительских должностей. В свою очередь, с января 2019 года изменена программа тестирования на оценку личных качеств. В частности, включены вопросы на определение уровня достоверности и по ним установлен порог прохождения. При этом, согласно типовым квалификационным требованиям к административным государственным должностям, новые требования не распространяются на лиц, получивших заключения по результатам тестирования на оценку личных качеств до 1 января 2019 года. Заключение, выданное по результатам тестирования на оценку личных качеств кандидата на должность корпуса "Б", действительно в течение одного года со дня прохождения такого тестирования. В этой связи, с имеющимся сертификатом Вы вправе участвовать в конкурсе на замещение исполнительской должности.

***

Садвокасова Камила : Дополнения к ранее моему вопросу а также к представленному ответу Уважаемая Шаимова Айгуль Амантаевна! Ранее заместителем Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Бектеновым О.А. был направлен ответ на мой вопрос также заданный в рамках диалоговой площадки 01.08.2018, 15:09 Номер вопроса: 7804, в ответе которого говорится что в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 939 новая система оплаты труда в пилотном режиме (в Агентстве по делам государственной службы и противодействию коррупции, Министерстве юстиции, акиматах города Астаны и Мангистауской области) апробируется с 1 января до 31 декабря 2018 года включительно, за исключением части по выплате бонусов, которая действует до 30 июня 2019 года. Согласно Общенациональному плану мероприятий по реализации Послания Главы государства народу Казахстана от 10 января 2018 года «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции» в первом полугодии 2019 года будут подведены итоги пилотной апробации новой системы оплаты труда, в том числе вопрос повсеместного внедрения. Теперь же вы отвечаете что срок его завершения определен — 31 декабря 2019 года. Для дальнейшего масштабирования проекта необходимо, чтобы рост затрат на оплату труда был обеспечен оптимизацией и экономией бюджетных расходов, в том числе расходов подведомственных организаций. В этой связи, в настоящее время госорганы для перехода на новую систему оплаты труда изыскивают соответствующие средства. Поэтому сроки перехода на эту модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов. В этой связи можно предположить что внедрение а также переход на ФБШ будет не одновременным для всех государсвтенных органов ?

Ответ: Уважаемая Садвакасова Камила, спасибо за дополнительный вопрос. Срок пилота продлен. По поручению Руководителя Администрации Президента от 16 ноября 2018 года за этот период будет выработан единый механизм по переходу государственных органов на новую систему оплаты труда.

***

"Нұр Отан" Партиясы" Қоғамдық Бiрлестiгiнiң Алматы Облысы Талдықорған Қалалық Филиалы:Сәлеметсiзбе! Мемлекеттiк қызмет, бюджеттiк мекемелердiң, жалпы мемлекеттiк қатысы бар мекемелердiң әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунт атаулары әр өңiрде әрқалай басқарма болсын, әкiмдiк, орталық, бөлiм және тағы басқа. Бiр бекiтiлген стандарт жоқпа? Бiр мекеме атауы орысша, бiр мекеме атауы қазақша, бiреуiнде латын тiлiнде! Осы сұрақты назарға алсаңыз!

Ответ: Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi туралы ережесiнiң (Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекiтiлген) 1-тармағына сәйкес Агенттiк мемлекеттiк қызмет саласында басшылықты, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасына бағалау және мемлекеттiк бақылау жүргiзетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады. Осыған орай әлеуметтiк желiлердегi аккаунттардың атауларын реттеу Агенттiк құзыретi шегiнен шығады. Алайда, Сiздiң ұсынысыңызды өкiлеттi органның назарына жеткiзу мақсатында сауалыңыз Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсiбi министрлiгiне жолданатын болады.

***

МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ :Здравствуйте Айгуль Амантаевна! Согласно Правилам проведения конкурса на занятие административной государственной должности, ход собеседования с каждым кандидатом фиксируется с помощью технических средств записи. Как вы считаете, возможно ли для максимально прозрачного процесса трудоустройства размещать видеозапись хода собеседования на официальном сайте государственной организации объявившей конкурс либо вести прямой эфир хода собеседования в социальных сетях? Благодарю за ответ

Ответ: Уважаемый Тимур Болатович, спасибо за дополнительный вопрос! Как Вы верно отметили, Правилами проведения конкурса на занятие административной государственной должности предусмотрена возможность фиксации, с помощью технических средств, хода собеседования с кандидатом на государственную должность. В рамках дальнейшего совершенстования процедуры отбора на государственную службу, Агентством изучается возможность обеспечения фиксации хода собеседования в онлайн режиме. Данный вопрос прорабатывается совместно с уполномоченными государственными органами, с учетом необходимости соблюдения требований законодательства «О персональных данных и их защите».

***

Галимов Махсут : Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Мен Атырау облысында мемлекеттiк қызметте жұмыс жасаймын. Бiзде шетелдiк компаниялар көп екенi белгiлi, оларда жалақы мемлекеттiк қызметке қарағанда бiрнеше есе жоғары. Сондықтан бiлiктi жақсы мамандар сонда жұмыс табуды жоспарлайды. Ал мемлекеттiк қызметте жасауға ынталары жоқ, сол себептен ФБШ жүйесiн енгiзу орынды деп есептеймiн. Бiздiң облыста қашан болатынын бiлгiм келедi. Рахмет!

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Максут Галимов! Сұрақтарыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, қазiргi уақытта Атырау облысы бойынша қажеттi есептеулер мен еңбекақы төлеудiң жаңа схемалары дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлiгiне қарауға жiберiлдi. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сiз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.

***

Измуханова Акмарал : Атырау облысының аудандық әкiмдiктерiнде оңтайландыру жұмыстары жүргiзiлуi себептi көптеген бөлiмдер бiрiктiрiлiп, нәтижесiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң жүктемелерi көбейiп кеттi. Алайда, мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбекақысы сол күйiнде калды. Бұл өз кезегiнде моральдық және материалдық тұрғыдан керi әсерiн беруде. Мемлекеттiк қызметшiлердiң ФБШ-ға өтуiне не кедергi болуда? Ол қашан шешiледi?

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттiк қызмет үшiн өте өзектi болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент — Елбасының еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың штаттық құрылымы мен әкiмшiлiк шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазiргi уақытта жүргiзiлген жұмыстар негiзiнде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлiгiне қарауға жiберiлдi. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сiз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.

***

Джумашев Нурбол :Почему ответа нет на поставленные вопросы?

Ответ: Добрый день, уважаемый Джумашев Нурбол! Спасибо за вопрос. В настоящее время, мною готовятся ответы на поступившие вопросы. Каждый из них требует определенного времени для подготовки содержательного и развернутого ответа. В этой связи, я отвечу на поступившие вопросы в короткое время. Ни один вопрос не останется без ответа. Спасибо за Вашу активную гражданскую позицию!

Комментарий: Джумашев Нурбол Понятно, спасибо за ответ. Мной два месяца назад через Портал "Открытый диалог" на имя акима г.Алматы г-ну Байбеку Б.К. был направлен содержательный вопрос-предложение, до сих пор нет ответа. Еще через личный сайт акиму Турксибского района г. Алматы Кулагину был направлен вопрос в начале года (январь 2019) тоже нет ответа, поэтому удивляюсь что так быстро поступил от Вас ответ

***

Дастан Исламбек:Қайырлы күн. Айгүл Амантайқызы, Жамбыл облысы мемлекеттiк қызметшiлерiне балный шкала бойынша қашан айлық көтерiлiп, бонрустар берiлу көзделген?

Ответ: Құрметтi Дастан Исламбек! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттiк органдардың жаңа төлем моделiне көшу мерзiмдерi мемлекеттiк органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

***

Аманбай Жансерiк: Қайырлы күн, құрметтi Айгүл Амантайқызы! Бiрiншiден бүгiнгi ашық интернет конференция өткiзiп жатқаныңызға үлкен алғысымды бiлдiргiм келедi. Бүгiнгi қойылатын сұрақтардың басым көпшiлi факторлiк балдық шәкiл негiзнде еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне қашан көшемiз деген сұрақ болғалы тұр. Бүгiнгi күнге,кәсiби аппарат құру, мемлекеттiк қызметшiлердiң мансаптық iлгерiлеу жолында, қоғамда бiршама орнымыз айқындалды.Осы атқарылып жатқан игi бастамалардың жалғасы ретiнде, жаңа еңбекақы жүйесiнде көшу ертерек қолға алынса деген өтiнiшiм бар. Атқарып жүрген қызметiңiздегi игiлiктi iстерiңiзге сәттiлiк тiлеймiн!

Ответ: Құрметтi Аманбай Жансерiк! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттiк органдардың жаңа төлем моделiне көшу мерзiмдерi мемлекеттiк органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөнiндегi жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

***

МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ: Здравствуйте! Скажите пожалуйста, будет ли уполномоченным органом в сфере государственной службы приниматься меры по повышению социальной защиты государственных служащих проживающих на селе, в частности наделения государственных служащих гарантиями, предусмотренными в программе «С дипломом в село»? Данная мера повысит привлекательность государственной службы для людей прибывших для работы и проживания в сельские населенные пункты.

Ответ: Добрый день уважаемый Тимур Болатович! Благодарю Вас за вопрос. Агентством на постоянной основе проводится работа по повышению социальной защиты госслужащих. Учитывая дефицит кадров на селе, ранее, мы проработали вопрос распространения программы «С дипломом в село» на госслужащих. Эта инициатива поддержана всеми заинтересованными госорганами. Соответствующие поправки мы включили в законопроект о внесении изменений в Закон «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий». В настоящее время они находятся на рассмотрении Мажилиса Парламента.

***

Измуханова Акмарал: Елбасы Атырау облысына келген сапарында тапсырмаларының бiрi — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап факторлы балды шкалаға негiзделген жаңа еңбекақы төлеу жүйесiне көшу керек деп тапсырған. Бiрақ, осы уақытқа дейiн бұл мемлекеттiк қызметшiлердiң жалақысы әлi шешiлген жоқ. Себебi не?

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттiк қызмет үшiн өте өзектi болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент — Елбасының еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың штаттық құрылымы мен әкiмшiлiк шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазiргi уақытта жүргiзiлген жұмыстар негiзiнде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлiгiне қарауға жiберiлдi. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сiз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.

***

Измуханова Акмарал :Орталық мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк қызметшiлерге төленетiн сыйақы жылдық бюджеттен жоспарланып берiледi, ал жергiлiктi жерде тек үнемделген қаржы көзiнен қарастырылады? Неге? Халықпен тiкелей жұмыс жасайтын өңiрлер гой?

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттiк қызмет үшiн өте өзектi болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент — Елбасының еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың штаттық құрылымы мен әкiмшiлiк шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазiргi уақытта жүргiзiлген жұмыстар негiзiнде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлiгiне қарауға жiберiлдi. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сiз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.

***

Измуханова Акмарал : Атырау облысында ФБШ мәселесi неге шешiлмей тұр? Қай уақытта шешiлмек?

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттiк қызмет үшiн өте өзектi болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент — Елбасының еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың штаттық құрылымы мен әкiмшiлiк шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазiргi уақытта жүргiзiлген жұмыстар негiзiнде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлiгiне қарауға жiберiлдi. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сiз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.

***

Сейтмаганбетова Жазира: Сәлеметсiз бе! Мемлекеттiк қызметшiлердi уәждемелеу бойынша ұсынысым бар едi. Әрбiр мемлекеттiк органның басшысына айына немесе екi-үш айда бiр рет жұмыс уақытында ұжыммен таза ауаға шығып, миға шабу шараларын ұйымдастырып отыруға тапсырма берiлсе ұжымдардағы моральдық-психологиялық климат әлдеқайда жақсаратын едi. Мемлекеттiк қызметшiлер үнемi кабинетте отырып жұмыс iстейтiн адамдар. Оларға айрықша iс-шаралар ауадай қажет. Онсыз да жиi өткiзiлiп отыратын жиналыстарды таза ауада өткiзуден ешқандай зиян келмейдi деп ойлаймын. Осы ұсынысымды қабылдайсыз деген үмiттемiн.

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Сейтмаганбетова Жазира! Ең алдымен, мемлекеттiк басқару мәселелерiне белсендi қатысқаныңызға алғысымызды бiлдiремiз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр мемлекеттiк орган дербес түрде, өзiнiң еңбек тәртiптемесi қағидаларында жұмыс кестесiн, соның iшiнде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимiн, белгiлейдi («Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңы, 32 бабының 3 тармағы). Мысалы, аталған норма шеңберiнде, қазiргi уақытта, мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке және кәсiби өмiрлерiн келiстiру үшiн мемлекеттiк органдарда икемдi жұмыс кестесiн енгiзу жұмыстары жүргiзiлдi. Осылайша, бүгiнге әдiлет, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сыртқы iстер, мәдениет және спорт, қаржы және т.б. министрлiктерiнде икемдi жұмыс кестесi енгiзiлдi. Осындай жұмыс барлық өңiрлерде жасалуда. Нәтижесiнде, мемлекеттiк қызметшiлердiң, үстеме жұмыстарды жою шаралардаң арқасында, жеке уақытын тиiмдi ұйымдастырып, өзiн дамытуға, отбасымен уақыт өткiзуге және денсаулық мәселелерiн шешуге мүмкiндiктерi бар. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшiлер арасында жүйелi түрде таза ауада спорт шаралары жүргiзiледi. Мысалы, өткен жылы мемлекеттiң бүкiл өңiрлерiнде"Алға басу — движение вперед" атты қайырымдылық жүгiрiсi және спартакиада өтетiн болды. Бұдан басқа, мемлекеттiк органдарының ұжымдарында жағымды моральдық-психологиялық климат орнату және әдептiлiк қағидаларын iлгерiлеу мақсатында әдеп жөнiндегi уәкiл институты енгiзiлдi. Жұмыс жағдайларына байланысты барлық өзектi мәселелер бойынша әдеп жөнiндегi уәкiлге жүгiнуге болады. Қайта алғысымызды бiлдiре отырып, Сiздiң ұсынысыңыз алдағы мемлекеттiк аппаратты жетiлдiру жұмыстарында ескерiлетiн болады.

***

МУКАШЕВ ТИМУР БОЛАТОВИЧ: Здравствуйте Айгуль Амантаевна! Как известно в рамках реализации Плана нации «100 конкретных шагов» разработана новая система оплаты труда государственных служащих, внедрение которой уже осуществляется в пилотном режиме в определенных государственных органах. Скажите пожалуйста, с какого периода новая система оплаты труда факторно-бальная шкала будет распространена на всех государственных служащих?

Ответ: Добрый день, уважаемый Тимур Болатович! Благодарю Вас за вопрос. Как выше было изложено сроки перехода государственных органов на новую модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов по оптимизации и экономии бюджетных расходов.

***

Садвокасова Камила: Добрый день!Уважаемая Айгуль Амантаевна у меня вопрос касательно внедрения факторно-бальной шкалы и дальнейшего повышения заработной платы административных государственных служащих.Как известно с января 2018 года был внедрен пилотный проект по апробации ФБШ в 6 государственных органах после чего с 2019 года к ним прибавилось еще несколько других государственнных органов.С 2019 года уже на постоянной основе в Агентстве по делам гос-ой службы внедрено факторно-бальная шкала в результате которой повышены должностные оклады в 2.6 раза.В этой связи у меня вопрос с какого года будет внедрена ФБШ для всех остальных государственных органов? и в какой срок должны будут все административные государственные служащие получать заработные платы по новой факторно бальной шкале? спасибо

Ответ: Добрый день, уважаемая Садвакасова Камила! Благодарю Вас за вопрос. Действительно, по поручению Первого Президента — Елбасы с прошлого года в отдельных государственных органах (Минюст, Агентство, акиматы г. Астаны и Мангистауской области, с декабря 2018 года — акиматы городов Алматы и Шымкент) в пилотном режиме внедрена новая система оплаты труда, основанная на факторно-балльной шкале и бонусах. Срок его завершения определен — 31 декабря 2019 года. Для дальнейшего масштабирования проекта необходимо, чтобы рост затрат на оплату труда был обеспечен оптимизацией и экономией бюджетных расходов, в том числе расходов подведомственных организаций. В этой связи, в настоящее время госорганы для перехода на новую систему оплаты труда изыскивают соответствующие средства. Поэтому сроки перехода на эту модель оплаты будут определены по итогам пилота с учетом результатов работы государственных органов.

***

Дастан Исламбек: Министрлiктiн жауапты хатшысы iс сапар кезiнде қандай киiм үлгiсiнде болу керек?

Ответ: Құрметтi Исламбек Дастан, сұрағынызға рахмет! Бiздiң сындарлы диалогымыз Жамбыл облысына ресми сапарлар барысында ғана емес, Агенттiктiң онлайн алаңында да жалғасатынына қуаныштымың. Сiздiң сұрағынызға көшсек, мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi Мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық кодексiнiң 5-тармағының 14) тармақшасында реттелген. Атап айтқанда мемлекеттiк қызметшiлердiң сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мемлекеттiк аппараттың беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс. Бұл талаптар барлық мемлекеттiк қызметшiлерге, оның iшiнде қызметтiк iссапарда болған жағдайда да қолданылады.

***

Балгожин Рустем: Мен Ақмола облысы, Қорғалжын аудынында дүниеге келдiм және сол жерде туып өстiм. Мен Астана қаласында жоғары бiлiм алып, қазiргi таңда Астана қаласынын шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық Мемлекеттiк Кәсiпорындардың бiрiнде еңбек етiп келемiн (мемлекеттiк қызметкер емеспiн). Nur Otan партиясының 18-съезiнде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ауылды дамыту жөнiнде Үкiметке тапсырған бiрнеше тапсырмалары оның iшiнде «Ауыл — ел бесiгi» атты жобасы көңiлiмiзден шықты. Мал шаруашылығы, онын iшiнде бие сауып қымыз дайындау, сиыр сауып сүт өнiмдерiн алу, атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсiбiмiз. Ендiгi кезекте осы кәсiбiмiздi Заңды тұлға ретiнде тiркеп, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк сатып алуға қатысып кәсiбiмдi одан әрi дамытқым келедi. Осығын байланысты, Сiден мемлекеттiк елтаңба бейнеленген бланкiде менiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық Мемлекеттiк Кәсiпорнында жұмыс iстей отырып, кәсiпкер болып тiркелiп, отбасымызбен осы кәсiбiмiзбен айналысуға рұқсат етiлгенi жөнiнде түсiндiрме беруiңiздi сұраймын.

Ответ: Қайырлы күн, құрметтi Балгожин Рустем! Сұрағыңызға рахмет. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Заңының 13-бабында мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және оларға теңестiрiлген адамдарға кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынады. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарда ондай адамдарға, басқарушылық функцияларды орындайтын, атап айтқанда тұрақты, уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жатады. Ұйымдық-өкiмдiк функциялар деп — ұжымды жалпы басқару, кадрларды iрiктеу мен орналастыру, бағынысты адамдардың еңбегiн ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртiптiк жаза қолдану шараларын қолданудан көрiнетiн, тәртiптi қолдау жатады. Әкiмшiлiк-шаруашылық функциялар деп — толық материалдық жауаптылық жүктелген адамдардың берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде мүлiктi, оның iшiнде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оған билiк ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруы түсiнiледi. Осыған орай, егер Сiз мемлекеттiк кәсiпорында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға жатсаңыз кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алмайсыз.

Дата публикации: 11.04.2019 16:23
Последние изменения страницы: 11.04.2019 16:23
Количество просмотров: 95