A- A A+
Үзілмейді ұлы ақынның үлгісі

Әр адамның азаматтық қасиетi мен мәдениетi өз халқын, өз атамекенiн қалай сүюiмен өз ана тiлiн қалай бiлуiмен өлшенбейдi. Ананың ақ сүтiне уызына жарыған адам қашанда отаншыл, ұлтжанды болады.Әркiмнiң өз тiлiне деген құрметiн өз анасына, өз ұлтына деген құрмет деп бiлу керек. Тiлдер мерекесi қарсаңында өткiзiлiп отырған, қазақ халқының перзентi, сатирик-ақын, ойшыл, дара тұлға талант иесi, қазақ әдебиетiнiң алып ұлдарының бiрi «Қараңғы қазақ көгiне, өрмелеп шығып күн болам», — деп жырлаған ақынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Үзiлмейдi ұлы ақынның үлгiсi» атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауы болып өттi. Аталмыш байқауға ауданымызға қарасты бiлiм ордаларынан 9 үмiткерлер қатысып бақтарын сынады.Көркемсөз оқу шеберлерiнiң байқауына қатысушы үмiткерлерiмiздiңмәтiндi оқу шеберлiгiне, дауыс мәнерi мен тiл тазалығына баға берушi қазылар алқасы әдiл бағалай бiлдi.Байқау нәтижесi бойынша I-орынды Батталова Мақпал-Жiбек жолы ауылы, И.Құтпанұлы орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы иеленсе, II -орынды

Адал Сандуғаш-Бұлақсай ауылы, Абай орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы, ал, III -орын Байболат Роза-Қойгелдi ауылы, Қойгелдi орта мектебiнiң 8 сынып оқушысына бұйырды. Қатысушылар диплом және алғыс хаттар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында артынан өшпестей iз қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыров мұрасы ұмытылмақ емес. Қазақ поэзиясына өзiндiк сарын алып келген ақын өлеңдерi бүгiнде ұлттық әдебиеттiң қазынасына енiп, қазақ жастарының рухын жiгерлендiретiн құралға айналып отыр.

 

Последние изменения страницы:: 04.10.2017 14:46