A- A A+
Тыңдаушылармен сайыс өтті

2017 жылдың 13-шi қыркүйек күнi Қазақстан халқының Тiлдер мерекесi қарсаңында ауданымыздағы №4Агротехникалық колледжi қызметкерлерi арасында оқытушы Асилова Ғалия Ибрайқызының ұйымдастыруымен «Тiл бiлгiрi» атты интеллектуалды сайыс өттi. Оқытушылардың тыңдаушылармен қарым-қатынасы, олардың сабаққа деген қызығушылығы жоғары екенiн ашық сабақтардан көруге болады.

Оқытушылардың жаңа материалды игеруде қолданған әдiс-тәсiлдерi тыңдаушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсендiлiгiн арттыруға ықпал еттi.

Сабақ барысы тыңдаушылар «Тапқырлар» және «Зеректер» топтарға бөлумен басталды. Тыңдаушылар тiлге қатысты сұрақтарға жауап бердi. Сабақ барысында тыңдаушылар тiлге байланысты мәтiнмен жұмыс жасап, жаңа сөздермен танысты, мәтiнге байланысты сұрақтарға жауап берiп, берiлген сөздерге сөйлем құрастырып, жағдаяттық тапсырмаларды орындады.Сайыс соңында топтарға естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.

  

Последние изменения страницы:: 04.10.2017 12:51