A- A A+
Тілім барда айтылар сыр ойдағы...

Тiл — достықтың кiлтi, бiрлiктiң бастауы, ұлттың жаны, әрi ары. Тiл жай сөз емес, өмiрдiң талай сынынан өткен басты құндылық десек жаңылмаймыз. Тiл жоқ жерде адамдардың бiрлесiп жұмыс iстеуi, дамуы мүмкiн емес. Адам баласы үшiн тiлдiң орны бәрiнен бөлек. Тiл — достықтың, бей¬бiтшiлiктiң, болашақтың кепiлi. Әрбiр мемлекет басты рухани байлық ретiнде тiлдi да¬мытуға айрықша маңыз бередi.Қазақстан халқының Тiлдер мерекесiне орай ҚР Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын орындау, тiл мәдениетiн көтеру, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерiлген мәселелердi жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәрiптеу мақсатында аудандық «Тiлiм барда айтылар сыр ойдағы…» атты шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Аталмыш байқауға ауданымыздағы мектептерден оқушылардың шығармалары алынды. Қазылар алқасы қорытындысы бойынша I орынға №3Аршалы орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Ешимова Ләззат,Волгодонов орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы Досжан Аружан, II орынға №3Аршалы орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Ғанибаева Несiбелi, Волгодонов орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы Рубцова Владислав, III орынды №3Аршалы орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Тлеубердинова Жұлдыз, Волгодонов орта мектебiнiң 11 сынып оқушысы Павлова Юлия, Новоалександрав орта мектебiнiң 9 сынып оқушысы Асанова Айғаным иелендi. Жеңiмпаздар мадақтамамен марапатталды.

Последние изменения страницы:: 04.10.2017 14:49