A- A A+
Тілге тірек болар семинар өтті

Ақмола облысы тiлдердi дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдiстемелiк орталығы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi 2018 жылғы 12-13 наурыз аралығында №3Аршалы орта мектебiнiң базасында аудандық тiлдердi оқыту орталықтарымен бiрлесiп iс жүргiзушiлер мен аудармашыларға арналған «Мемлекеттiк тiлде iс қағаздарын жүргiзу және қызметтiк хат жазу мәдениетi» атты онлайн семинар өткiзiлдi. Семинарға ауданымыздағы мекемелер мен ауылдық округ әкiмi аппаратының iс жүргiзушiлерi мен аудармашылары қатысты. Семинар iлеспе аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, «Үздiк аудармашы» республикалық конкурсының бас жүлдегерi Камал Әбiлқасымқызы Әлпейiсованың қатысуымен өттi. Аударма саласындағы əр аудармашының бiлуi тиiстi ережелерiнен түсiнiк берiп, ресми құжаттардағы емле қағидалары, терминдер мен сөздердiң қолданыстағы бiрiздiлiгiн сақтау, орфографиялық жəне пунктуациялық талаптарды сақтау туралы айтып, жиi кездесетiн қателiктер жəне редакциялық түзетулер бойынша мəтiнмен практикалық жұмыс жүргiздi.

Аршалы ауданының тiлдердi оқыту орталығының директоры                                                                                        Руслан Маханов

Дата публикации: 16.03.2018 10:32
Последние изменения страницы: 16.03.2018 10:32
Количество просмотров: 1710