A- A A+
Тіл -татулық символы

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтерiп, мерейiн үстем ететiн сәттiң бiрi, Қазақстан мемлекетiнде тұратын барлық халықтардың тiлдерiн құрметтейтiн күннiң бiрi — Қазақстан халқы тiлдерiнiң күнi. Тiл қай халықтың болмасын рухани қазынасы. Дәстүрдi құрметтеу, мәдениеттi қастерлеу — тiлмен келетiн, тiлмен сiңетiн, тiлмен қалыптасатын құбылыс. Бұл күнi республика көлемiнде әр түрлi мерекелiк шаралар атап өтiледi.«Тiл- тәрбие бастауы» демекшi, Қазақстан халқы Тiлдер мерекесiне орай ұйымдастырылған «Тiл-татулық символы» атты ертеңгiлiк «Солнышко» балабақшасында өткiзiлдi.Шараның мақсаты -өзге ұлт өкiлдерi балаларының қазақ тiлiн үйренуге деген қызығушылығын ояту.М.Жұмабаев атамыздың «Тiл — адам жанының тiлмашы, тiлi кем болса, адамның кем болғаны» дегенiндей, адам өз ойын жеткiзу үшiн де тiлiнiң бай болуы маңызды. Сондықтан қазiргi ақпараттық-технология дамыған заманда, өзара сөйлесу, сұхбаттасу азайған кезеңде тiлдi дамыту жолдарын қарастыру аса өзектi болмақ. Осы тұрғыдан тiлiмiздiң байлығын жан-жақты насихаттаған бүлдiршiндер өзге тiлдi де ұмытпады. Шара аясында бүлдiршiндерiмiз тiл туралы тақпақ, ән айтып, дүние тану әлемiне бой ұсынып телевидение желiсiмен жүргiзiлген тiлшiлердiң сұрақтарына жауап берiп, өнерлерiн ортаға салды.Мен бүгiнгi мерекеге бастан-аяқ куә болдым. Көңiлiм толып, тiлiмiз үшiн, ана тiлiмiздi ардақтап, мемлекеттiк тiлiмiздiң мәртебесiн көтеретiн бүлдiршiндер өсiп келе жатқанына ерекше қуандым. Шараны ұйымдастырған қызметкерлерге алғысымызды бiлдiремiз.

Последние изменения страницы:: 04.10.2017 12:54