A- A A+
Президент Жолдауына пікір

Елбасымыздың халыққа арнаған кезектi Жолдауы елiмiздегi мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқын көрсетуiмен басталды.«Бiз әлем елдерiнiң сенiмi мен құрметiне бөленiп, брендке айналған тәуелсiз Қазақстанды құрдық» деген Президентiмiздiң сөзiнiң ақиқатын халық мемлекетiмiздегi өркендi өзгерiстер арқылы көрiп отыр.

Осы жылғы жолдау төртiншi өнеркәсiптiк революция әлемiне бейiмделу мен жетiстiкке жету жолдары қарастырып, он мiндеттердi айтып өттi. Бұл бағыттарды жүзеге асыру үшiн құрылысқа, коммуналдық секторға, агроөнеркәсiпке жаңа технологияларды енгiзу қажет екенiн атап өтiп, ақпараттық-технологиялық платформаларды белсендi түрде қолдану керек екенiн атап өттi. Әлбетте, жаңа технологиялардың енгiзiлуi агроөнеркәсiп кешенiн қарқынды дамытуға, сондай-ақ, жұмыссыздардың да жұмыспен қамтылуына да септiгiн тигiзерi анық.

Сондай-ақ, Елбасының Жолдауындағы бағыттардың бiрi, ол адами капитал-жаңғыру негiзi. Оның iшiнде бiлiм саласына көңiл бөлiнген. Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мекемелерiмiзде жаңартылған мазмұндағы оқулықтар пайдалануда, үш тiл меңгерiлуде. Бұл елiмiздiң дамуына, жарқын болашағына жасалып жатқан жаңа мүмкiндiктер деп бiлемiз. Өткен жылы латын әлiпбиiне көшу мәселесi басталып кеттi. Халқымыз бiр ауыздан қолдап, қазiргi жастарға латын әлiпбиiндегi қазақ тiлiн қиындықсыз меңгерiп алатынына сенiм бiлдiрдi.

«Өзiнiң тарихын, тiлiн, мәдениетiн бiлетiн, сондай-ақ, заманына лайық, шет тiлдерiн меңгерген, озық әрi жаһандық көзқарасы бар қазақстандық бiздiң қоғамымыздың идеалына айналуға тиiс» деп Елбасымыз айтып өттi. Бұл қазiргi ақпараттық-технологиялар заманында, жас ұрпақ жан жақты болу үшiн жасалған барлық шаралар енгiзiлген. Жаңа бағыттың қозғаушы күшi ретiнде өз үлесiмiздi қоса отырып, әлемдiк деңгейдегi университеттер, зияткерлiк мектептер, «Болашақ» бағдарламасының құрылуыжастарға көмек пен қолдау бередi. Бiздiң дамуымызда жаңа мүмкiндiктер ашылуы үшiн барлығы жасалуда.Сонымен қатар,ұлтымыздың мәдениетi мен идеологиясының одан әрi дамуында ел Президентi Н.Ә.Назарбаетың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы көрсетiлген алты бағыты ерекшеленiп отыр.

Мемлекет басшысы әрдайым халыққа күш-қуат, жiгер, қайрат, Отанымызға деген сүйiспеншiлiктi арттыруға итермелейдi. Оның халыққа деген артқан сенiмiн ақтауға барынша тырысу қажет.

Тналина Тазагүл Темiрғалиқызы
Аршалы ауданының Мәдениет үйi директорының мiндетiн атқарушы.

Дата публикации: 16.01.2018 17:16
Последние изменения страницы: 16.01.2018 17:16
Количество просмотров: 609