A- A A+
ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

2 қосымша

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша Жадынама

ҮЕҰ Дерекқоры жөнiндегi мәселелердi реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер:

-«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

-«Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 мәдениет және спорт министрiнiң бұйрығы.

ҮЕҰ Дерекқорына кiмдер мәлiмет беру керек:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi нысанында, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделмеген өзге де ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылған коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға жыл сайын 31 наурызға дейiн үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тәртiппен өз қызметi туралы, оның iшiнде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкiнiң құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәлiметтердi ұсынады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлiметтердi қалай беру керек:

ҮЕҰ мәлiметтердi МСМ-нiң 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекiтiлген нысанға (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy) сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде жыл сайын есептiк мерзiмнен кейiн әр жылдың 31 наурызына дейiн:

- 2017 жылғы 1 наурызға дейiн қағаз және электрондық түрде (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады;

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәлiметтердi Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы беруге мүмкiндiгi болады. Интернет-порталда Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған ЭЦҚ (ЭЦП) кiлтi арқылы авторизациядан өтуге болады.

ҮЕҰ-дар Дерекқордың http://infonpo.kz интернет-порталына кiргенде порталмен жұмыс iстеудiң қадамдық алгоритмi берiлген Пайдаланушылар нұсқаулығымен таныса алады.

Есептiк мерзiмi ретiнде Дерекқорға мәлiметтердi енгiзу жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл болып саналады.

ҮЕҰ мәлiметтер тiзiлiмi сайты http://www.register-ngo.kz әрекетсiз сайт болып табылады.

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшiн мәлiметтердi қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгiлiк ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi.

«Жедел желi» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорына есеп беру нысандарын толтыру жөнiндегi Әдiстемелiк ұсынымдар, сондай-ақ жиi қойылатын сұрақтарға жауаптар ДIАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).

Әкiмшiлiк жауапкершiлiк:

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексiмен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәлiметтердi ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсынуы үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша — ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша — қайталап жасалған әрекеттер үшiн — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не үш ай мерзiмге қызметiн тоқтата тұруға алып келедi).

Мақаланың шыққан күні: 16.02.2017 17:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.02.2017 17:29
Қаралым саны: 668