A- A A+
«Өнерлінің –жүрегі ән, өмірі сән»

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жер тақырыбына байланысты, үстiмiздегi жылдың жиырмасыншы ақпан күнi аудан орталық балалар кiтапханасының ұйымдастыруымен поэзиялық кеш өттi. Бұл кеш ауданымыздың тұрғыны Ұзақбаева Ш.М. шығармашылығына арналды. Шырынкүл апай ауданымыздың көрнектi азаматы, қоғам қайраткерi. Бұл кiсi өзбекстан тумасы, тарихи отанымызға 2005 жылы қоныс аударған. Өзбекстанда өзiнiң еңбек жолын оқытушылықтан бастаған. Ол кiсiнiң оқытқан шәкiрттерi ән салудан, би билеуден алдына жан салмаған десекте болады. Шырынкүл апайдын еңбектерi бағаланып Өзбекстан Республикасында «Достық» орденiмен марапатталған. Бiрқатар сайыстардан республикаға дейiн барған. Тарихи отанға оралған уақыттан берi де бала тәрбиесiмен шұғылданып келедi, сонымен қатар шығармашылық өнердегi тасы да өрге домалауда. Ауданымызда тұңғыш ұйымдастырылған «Ақ әжелер» вокалды тобының ұйымдастырушысы, меңгерушiсi десекте артық емес.Мiне осы еңбектерi бағаланып бүгiнгi iс-шара 65 жас мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Бұл iс-шарада №3 орта мектеп оқушылары белсендiлiк танытып апайдың шығармашылық өлеңдерiн мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар бұл кешке «Ақ әжелер», «Берегиня» топтары да қатысып өздерiнiң құттықтауларын арнап, ән шашуын шашты. Шырынкүл Ұзақбаеваны мерейтойымен құттықтау үшiн қадiрлi қонақтарымыз аудан ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Биджиев В.М., ауданымыздың бiлiм бөлiмi кәсiп одақ ұйымының төрайымы Баймулдина Г. Б., Аршалы қазақ орта мектебiнiң меңгерушiсi Байдильдина Г.М., ауданымыздың тiлдердi дамыту орталығы директоры Маханов Р.Ж. және аудан орталық кiтапханасы меңгерушiсi Карпич В.Н. өздерiнiң естелiк сыйлықтарын тапсырды. Бұл iс-шараны балалар кiтапханасының кiтапханашысы Қожбанова Г. Ш. ұйымдастырды. Кештi ұымдастырудағы басты мақсатымыз апайдың шығармашылығын жас ұрпақ арасында кеңiнен насихаттау. Iс-шара үш бөлiмге бөлiндi: 1-Бала тiлi бал, 2-Отаным менiң Қазақстан, 3-Салт дәстүр . Осы бөлiмдер бойынша оқушылар Шырынкүл апайдың шығармашық өлеңдерiн оқыды. Iс-шараны жүргiзушiлер ауданымызда ашылған «Дарын» оқыту орталығының оқытушысы Бейбiт Т. И. және №3 мектеп 10 сынып оқушысы Абайхан А. Шырынкүл апайдың Жалғыз Отаным –мекенiм деп тайға таңба басқандай ойлары бүгiнгi ұрпақтың бәрiне айтылған ақыл-өсиет. Бұл өсиеттi әрбiр қазақ жүрегiне үкi етiп тақса да артық етпейдi. Отанды сүйюдiң, оған құлай берiлудiң — асқақ үлгiсi осы деп бiлемiз. Алибекова.Р.К.

Дата публикации: 22.02.2018 18:46
Последние изменения страницы: 22.02.2018 18:48
Количество просмотров: 568