A- A A+
«Мемлекеттік тіл – татулық тірегі»

«Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-жiгерiмiздi салуымыз керек.» деген Елбасының сөзiн басшылыққа алған Аршалыауданының тiлдердi оқыту орталығы аталмыш бағарламаны жүзеге асыру мақсатында бiршама жұмыстар атқаруда. Ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдiң қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған үйлесiмдi тiл саясатын жүзеге асыру мақсатында елiмiздегi тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерiлген мәселелердi жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарымызды дәрiптеу мақсатында 2017 жылдың 6-шы қазанда ұйымдастырылған «Мемлекеттiк тiл — татулық тiрегi» атты ақпараттық- танымдық сабақ тындаушылар арасында өттi. Сабаққа ауданымыздың ауылдық округ және Аршалы кентi әкiм аппаратының, балабақша, құрылыс, қаржы бөлiмiнiң қызметкерлер қатысты.Сайыстың мақсаты тыңдаушылардың тiлге деген қызығушылығын ояту, мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту, мәдениетiн көтеру және сөздердi орынды қолдана бiлуге бiлiмдерiн байқап, дамыту.Сабақ тiл туралы слайдпен ашылып, жалпы ақпарат берiлдi. Сабақ барысы жүйелi түрде рет–ретiмен тiзбектеле өтiп, «Бұл қалай аталады?», «Грамматика кемежайы», тыңдалым тапсырмасында «Пирамида шыңы», және «Ақылды сандық» грамматикалық ойынымен жалғасын тапты. Тыңдаушылардың тыңдау және есте сақтау қабiлеттерi арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта бiлетiндiктерi байқалды. Жан-жақты бiлiм танымдылықтары арқылы iзденiс, талпыныс мүмкiндiктерi көрiндi. Сөйлеу дағдысы, тiл мәдениетiнде нақты жауап беру ұшқырлығы да сыналды. Сабаққа тыңдаушылар қызығушылықпен қатысып, белсендiлiк танытты. Осындай танымдық сабақ арқылы тындаушылардың Отанына деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, жүректерiне отансүйгiштiк отын жағуда таптырмас құрал болары анық.Сабақ соңында «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасының үш деңгейлiк курсын аяқтағаны үшiн тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

  

Последние изменения страницы:: 06.10.2017 16:22