A- A A+
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ-УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Бүгiнгi күнi елiмiздегi ең өзектi болып отырған мәселелердiң бiрi — қазақ алфавитiн латын әлiпбиiне көшiру. Елбасы латын әлiпбиiне көшудiң маңыздылығын айтып, нақты бағыт-бағдарын көрсетiп бердi. Ендi оны халық болып қолдауымыз қажет.Қазiргi уақытта тәуелсiз мемлекетiмiз жылдан-жылға өсiп-өркендеп, отандық ғылым-бiлiм саласы дамып келедi. Осындай тамаша кезеңде латын әлiпбиiне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы — бүгiнде жастарымыз ағылшынша жаппай үйренiп, оны жақсы меңгерiп жатыр. Латын әлiпбиi көп кешiкпей жастар арасында тұрақты қолданысқа айналады деп ойлаймын. Өйткенi, қоғамдағы жарнаманың өзi ағылшынша жазылса, адам назарын бiрден аудартады. Латын әлiпбиiне көшу — ол бiз үшiн, әсiресе жастар үшiн, елiмiздiң болашағы үшiн өркениеттi шешiм. Бұл бiздiң ашық әлемнiң бiр бөлiгi болуға талпынуымыздың, алға жылжуымыздың дәлелi.Әлемде ақпараттың негiзгi бөлiгi ағылшын тiлiнде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшiн латынға көшудiң пайдасы өте көп болары сөзсiз. Дүниежүзi халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпiне көшу — озық инновациялар мен жаңа технологияға бiр табан жақындаудың белгiсi. Ал бiз, жастар, аталған инновацияларды меңгерiп, игерiп, халқымыздың игiлiгi мен дамуына үлес қосар негiзгi қозғаушы күш болып табыламыз. Елбасының берген бағдарын, белгiлеген басымдықтарын iс жүзiнде орындайтын кез келдi деп бiлемiн.Қорыта айтсам, қазақ тiлiн латын әлiпбиiне көшiру туралы мемлекет саясатын барша тiл саласының қызметкерлерi болып қолдап, жүзеге асуына белсендiлiк танытатынына сенiмдiмiн. Жаңа әлiпбидi қабылдау осы кездегi заман ағымының дамуына сәйкес қажеттi және өте маңызды шара екенiн бiлiм саласының өкiлi ретiнде өзiм толықтай түсiнемiн және қолдаймын.

Аршалы ауданының тiлдердi оқыту орталығының директоры, Руслан Маханов

Дата публикации: 03.04.2018 14:59
Последние изменения страницы: 03.04.2018 14:59
Количество просмотров: 563