A- A A+
Қарттарым-асыл қазынам

Жыл сайын елiмiзде 1 қазан күнi халықтың қазынасы саналатын Қарттар күнiн тойлайды. Бұл тамаша дәстүр қарттардың қоғам өмiрiне қосқан үлесiн атап көрсетсе, екiншi жағынан аға ұрпақ өкiлдерiне қамқорлық болып табылады. Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас мол өнеге-өсиеттiң шырағы ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерiмiз ешқашан ел құрметiнен тыс қалмайды. Себебi олар елiмiздiң алтын қоры, отансүйгiштiк пен iзгiлiктiң үлгiсiн паш етушiлер, ел игiлiгiн мақсат еткен ортақ iсiмiзге адал жандар. Бұл адамдар бүкiл ғұмырын балаларын еңбекке тәрбиелеуге арнаған. Олардан үлгi алған бүгiнгi ұрпақ ата-аналарының бастаған iсiн жалғастыруда. Сондықтан да осындай ерен еңбегi үшiн қарияларға ризашылық бiлдiремiз. 2017 жылдың 27 қазан күнi Аршалы ауданының тiлдердi оқыту орталығында айтулы мереке аясында «Қарттарым-асыл қазынам» атты қазыналы қарттарымызға мерекелiк дастархан жайып, концерттiк бағдарламасын ұсынды. Мереке барысында мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Асылбек Байжұма өз құттықтауында қарияларға баянды да, шаттықққа толы ғұмыр тiледi. Орталық директоры Руслан Маханов қазыналы қартарымызға бүгiнгi күннен естелiк ретiнде естелiк фотоны қарттарымызға табыс еттi.Қарияларымыз бiрi-бiрiмен қуана көрiсiп, бiр жасап қалды. Осы орайда қарияларымыз орталық ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын бiлдiрдi.Мерекелiк дастарханымыз аталарымыздың ақ батасымен аяқталды. Қилы тағдырлар көшiн басынан өткерiп, тұла бойы шежiре мен тарихқа тұнған дана қарттарымыздың қатары азаймасын деп тiлеймiн!

 

Дата публикации: 30.10.2017 11:33
Последние изменения страницы: 30.10.2017 11:33
Количество просмотров: 1622