A- A A+
Елбасының бастамасын қолдаймын

Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық басылымында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ақпараты ауқымды, елiмiздiң тарихын қорытындылап, жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанымызды ашады. Жаңа заман лебiн айқындап, рухани жаңғырудың жолдарын, мақсатын, мiндеттерiн қояды.

Елбасымыз биыл жыл сайынғы халыққа Жолдауында Үшiншi жаңғыруды жариялап, саяси және экономикалық жаңғырту басталып кеттi. ҚР Президентi Н.Назарбаевтың мақаладағы материалдық өзгерiстермен қатар, рухани жаңғыртудың қатар iске асуы керек дегендi толық қолдаймын. Заман талабы сол, елiмiз де, жеке азаматтарымыз да бәсекеге қабiлеттi болуы, әл-ауқаты жоғары болуы тиiс. Сондықтан да жаңаша ойлау, жаңа дәуiрге бейiмделу, ұлттық құндылықтарды, озық салт-дәстүрлердi сақтау жаңғыртудың алғышарттарының бiрi. Шынымен де, бүгiнгi таңда әрбiр азамат, әрбiр ұлт бәсекелестiкке қабiлеттi болса, бiлiмдi болса, компьтерлiк сауаттылығы жоғары болса табысқа жетпей қоймайды.

Бұл дегенiмiз әлемдiк нарықта сапасы мен бағасы ұтымды өнiм ұсына бiлу қабiлетi, яғни материалдық өнiм ғана емес, бәсекеге қабiлеттi бiлiм, интеллектуалдық қызмет, еңбек ресурстарын ұсынуымыз қажет.

Ендi бiр атап кететiн ол Елбасымыз осы мақаласында халқымызды ысырапшылдықтан тиылып, үнемшiлдiкке, болашақты жоспарлай бiлуге көшу, рационалды мәдени ұстанымға көшу қажет екенiн,алдыға мақсат қойып, бiлiмге, салауатты өмiр салтына, кәсiби дамуға негiзделген өмiр салтын ұстану талабын қоятынын ерекше атап өткiм келедi.

Бүгiнгi таңда Қазақстан әлемдегi бiлiм саласына ең көп бюджеттiк қаражат жұмсайтын елдердiң қатарында тұр. Мемлекетiмiз халыққасапалы бiлiм берудi, әрдайым басты назарда ұстап, болашақта елiмiздi табысқа жеткiзетiн негiзгi фактор екенiн тағы да айқындады.

Елiмiз өз тарихында талай қиындықтарды бастан кешiрдi, бiрақ тарихымызда жетiстiктер де аз болған жоқ. Бүгiнгi күнi тарихтан сабақ алып, мәдениетiмiздi сақтап өркендеткенiмiз жөн. Отандық мәдениетiмiздi 6 тiлде (ағылшын, орыс, қытай, испан, араб, француз) сөйлетiп әлемге таныту, өз елiмiздi мәдениетiмiздi танытуда жаңа әдiстердi озық мультимедиялық жетiстiктердi пайдалану, сонымен қатар, заманауи мәдениетiмiздi насихаттау және осы бағытта жаңа жобаларды iске асыру, бiртiндеп латын алфавитiне көшу арқылы ақпараттық кеңiстiкке шығу, яғни төл тарихымызға оралу — осының барлығы бiздiң елiмiздiң болашағын жарқын етпек.

Мемлекет басшымыздың ұсынған ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, мәдениетiмiздi өркендету жалпы жаңғырту елiмiздi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосатынына, тек игiлiк әкелетiнiне сенiмдiмiн.

Зарқұмар Жанатхан, зейнеткер, Сарыоба ауылының тұрғыны

Последние изменения страницы:: 18.04.2017 12:31