A- A A+
«Ел таңдаған- Елбасы»

2017 жылдың 29 қараша күнi Аршалы ауданының тiлдердi оқыту орталығында тыңдаушылармен Тұңғыш Президент күнiне орай «Ел таңдаған- Елбасы» тақырыбында ашық сабақ өттi. Аталмыш шараға орталықта дәрiс алатын ауданымыздағы мекемелерден қызметкерлер қатысты.

Сабақтың мақсаты — тыңдаушылар арасында Елбасының халқына, қоғамға және мемлекетке сiңiрген еңбегiн, ерлiгiн жеткiзу.

Сабақ Елбасы туралы бейнефильм көрсетумен басталды. Сабақ барысында тыңдаушылар Елбасыға байланысты мәтiнмен жұмыс жасап, Елбасының жанұясы, өмiр жолы және қызметiмен және жаңа сөздермен танысты, мәтiнге байланысты сұрақтарға жауап берiп, берiлген сөздерге сөйлем құрастырып, сөзжұмбақтарды шешiп, жағдаяттық тапсырмаларды орындады. «Елбасыға тiлек..» тыңдаушылар Елбасымызға өздерiнiң жүрекжарды тiлектерiн айтып өттi. Сабақ «МУЗАРТ» тобының «Үшқоңыр» әнiн орындаумен аяқталды. Сабақ қызықты әрi тартымды өттi.

Дата публикации: 30.11.2017 10:44
Последние изменения страницы: 30.11.2017 10:44
Количество просмотров: 1718