A- A A+
Аудармашылардың шеберліктері байқалды

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде, 2017 жылдың 14 қыркүйек күнi Аршалы ауданының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшылығымен, Тiлдердi оқыту орталығының ұйымдастыруымен аудармашылар арасында аудандық «Үздiк аудармашы-2017» байқауы өттi. Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында: «Бiз қазақ тiлiн жаңғыртуды жүргiзуге тиiспiз. Тiлдi заманға сай үйлестiрiп, терминология мәселесi, халықаралық және шет тiлiнен енген сөздердi қазақ тiлiне аудару мәселесiн бiржола шешу қажет», -деп көрсеткен болатын. Аудармашылардың iс-жүргiзудегi бiлiктiлiгi мен тәжiрибесiн сараптау, аударма мен мемлекеттiк тiлде дайындалған iс қағаздарының сапасын арттыру, мемлекеттiк тiл саясатын насихаттау мақсатында өткен байқауға №4Агротехникалық колледжiнен- Давлатова Оглис Чупанқызы, Михайлов ауылдық округiнен- Андинова Гаухар Мұхтарханқызы, Ижев ауылдық окургiнен -Жеңiсова Мадина Мұхтарқызы, Бiрсуат ауылдық округiнен- Аханова Динара Сейсенбайқызы, Ақбұлақ ауылдық округiнен- Ищанова Нұргүл Каримқызы,Волгодонов ауылдық округiнен- Досмағанбетова Самал Бейсенбайқызы, Экономика және қаржы бөлiмiнен- Нұрхан Кенжегүл, Аудандық мәслихат бөлiмiнен- Нұрхан Риза қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. Алғашқы «Өзiн өзi таныстыру» бөлiмiнде қатысушылар өздерiн таныстырып өттi. «Ресми құжаттарды аудару» қатысушылар таратылған орыс тiлiндегi мәтiндердi мемлекеттiк тiлге аударды, «Көркем аударма» кезеңiнде әр қатысушы бiр тапсырмадан алып, мемлекеттiк тiлден орыс тiлiне аударды. «Жаңа терминдер әлемi» деп аталатын төртiншi кезеңде әр сайыскерге iс қағаздары бойынша терминдер берiлдi.Қазылар алқасы құрамы аудармалардың сапасы мен кәсiби бiлiктiлiгiне, сауаттылығы мен тiл тазалығына баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша №4Агротехникалық колледжiнiң аудармашысы Давлатова Оглис Чупанқызы «Ең үздiк аудармашы» номинациясын жеңiп алды.Байқау соңында барлық аудармашыларға естелiк сыйлықтар табыс етiлiп, жеңiмпаз дипломмен, белсене қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Последние изменения страницы:: 04.10.2017 12:43